+15

Зеленскийдің ұшағы АҚШ-тың әуе базасына қонды

Зеленскийдің ұшағы АҚШ-тың әуе базасына қонды

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Украина көшбасшысының ұшағы

Joint Base Andrews әуе базасына қонған.

Президенттік А319 рейсі 8 сағат 2 минутқа созылғаны айтылды. Борт Зеленский кішігірім аялдама жасаған Ирландиядағы Шаннон әуежайынан ұшып шыққан. Президенттік ұшақ Мэриленд штатындағы Joint Base Andrews әскери әуе базасына қонған.

АҚШ-қа барар жолда Владимир Зеленский Ирландияға тоқтаған. Ұшақ елдің батысындағы Шеннон әуежайына аялдаған. Бұл аялдамасында Зеленский Ирландияның премьер-министрі Мишель Мартиномен кездесті.

Украина президенті АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға сапар шегеді. Кездесу кезінде көшбасшылар сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қояды деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы