Зеленскийдің Қазақстанға қатысы бар болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский The Times of Israel-ге берген сұхбатында әжесінің бір кездері Алматыда тұрғанын айтты.

Әжем Украинаның оңтүстігіндегі Кривой Рогтың тумасы. Бұл аймақты фашистер басып алған. Олар барлығын өлтіріп, тек еврейлерді тірі қалдырған. Сосын әжем өзге еврейлермен бірге Алматыға жер аударылады. Көп адамдар сонда барды. Оқыды. Әжем ұстаз болды. Екінші соғыс аяқталғанда Украинаға қайтып оралды. Сөйтіп, мен дүниеге келдім, - дейді Зеленский.

Украина басшысы Қазақтармен ортақ ұқсастығымыз өте көп деп отыр. Ол Освенцимді неміс концлагерінен азат еткенге 75 жыл толуына орай Израильге бармақ. Бірақ сөз сөйлемейді. 

Бұған дейін Польша президенті Анджей Дуда 23 қаңтарда Израильде өтетін Дүниежүзілік Холокост форумына барудан бас тартқан. Өйткені 23 қаңтарда Холокостта (World Holocaust Forum) оған сөз берілмейді. Дуда Израильде Ресей, Германия, Франция президенттеріне сөз беріліп, Польша басшысының тыс қалғанына ренішін білдірген.

27 қаңтарда бұрынғы Германиядағы Освенцим-Биркенау концлагерінде Қызыл Армия әскерлерінің лагерьді босатқанына 75 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтеді. Ресейдің атынан Польшадағы елшісі Сергей Андреев қатысады. Зеленский осы аптаның соңында Израильге еске алу шараларына баратындығын растады.

Ең бастысы, әрбір мемлекеттің Холокост құрбандарын еске алу. Сондықтан міндетті түрде баруымыз керек. Жеке өзіме сөз беріле ме, жоқ па ол аса маңызды емес. Бірақ бұл қайғылы оқиғада украиналық еврейлер қаза тапқан... Украиналықтар үшін Холокост құрбандарын еске алу рәсімі өте маңызды. Осы ретте Украина президентінің сөз сөйлеуі әділетті болар еді деп ойлаймын, - дейді В. Зеленский.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы