Зеленскийдің кортежі балалар автобусымен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобустар колоннасына соғылды. Бұл туралы Almaty.tv жазды.

Украинаның мемлекеттік күзет басқармасы Facebook парақшасында хабарлағандай, 14 шілдеде ведомствоға тиесілі Volkswagen Transporter микроавтобусы іссапардан Киевке қайтып бара жатқанда жол апатына ұшыраған. Бірақ Зеленскийдің өзі кортежде болмаған, ол сол күні тікұшақпен ұшып кетіпті. Мемлекет басшысының кортежінде мемлекеттік күзет басқармасының жеке құрамы болғаны белгілі болды.   

Страна.ua басылымының деректеріне сүйенсек, Владимир Зеленский кортежінің екі Volkswagen Touareg көлігі автобустар колоннасынан озып кетпек болған. Жол апаты көліктердің бірі кюветке түсіп кеткен кезде болған.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.

«Это Запорожье» арнасы жариялаған суреттерде, кортеж көліктеріне қатты зақым келгені байқалады.  



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы