Бүгiн 2026, 05:18 Фото: REUTERS / Remo Casilli

Зеленский Вашингтонның Ресей мұнайына қатысты жеңілдігін сынға алды

Оның айтуынша, Ресей санкцияларды айналып өту үшін «көлеңкелі флотты» пайдаланып, мұнай экспортын жалғастырып отыр.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Ресейге қатысты санкциялық режимді жұмсарту және теңіз арқылы тасымалданатын ресейлік мұнайды сатып алуға берілген рұқсатты ұзарту туралы шешімін сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ тарапынан енгізілген бұл жеңілдік 16 мамырға дейін күшінде болады. Бұл кезеңде бірқатар елдерге ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін теңіз арқылы сатып алуға мүмкіндік берілген.

Вашингтон бұл шешімді әлемдік энергетикалық нарықтағы тұрақтылықты сақтау және АҚШ, Израиль мен Иран арасындағы шиеленіске байланысты туындаған энергетикалық қысымды азайту мақсатымен түсіндірген.

Алайда Зеленский өз мәлімдемесінде Ресей мұнайынан түскен әрбір табыс Украинаны атқылауға жұмсалып жатқанын айтып, мұндай қадамды сынға алды. Оның айтуынша, Ресей санкцияларды айналып өту үшін «көлеңкелі флотты» пайдаланып, мұнай экспортын жалғастырып отыр.

Сонымен қатар, Украина тарапы соңғы күндері ел аумағына жүздеген дрондар мен зымырандық соққылар жасалғанын мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, Ормуз бұғазы маңындағы жағдай мен Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемдік мұнай нарығына қосымша қысым түсіріп отыр.