Зеленский: Украинаның тағдыры алдағы күндері шешілуі мүмкін
Украина президенті Владимир Зеленский елдің қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлеу жұмыстары соңғы кезеңге жақындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлеу жұмыстары соңғы кезеңге жақындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол Нидерландының премьер-министрінің міндетін атқарушы Дик Схоофпен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Х әлеуметтік желісінде жазды.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей бейбітшілікке ұмтылыс танытып отырған жоқ. Сондықтан оның ұстанымын өзгерту үшін қысымды күшейту қажет. Ол сондай-ақ негізгі мәселелерді талқылау үшін жоғары деңгейдегі кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Президенттің сөзінше, украин, америкалық және еуропалық мамандар тиісті құжаттарды әзірлеуді аяқтап жатыр.
Барлық жобалар алдағы күндері дайын болады. Сондай-ақ біз Нидерландтың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша үлес қоса алатынын талқыладық, – деді Зеленский.
Бұдан бөлек, тараптар қорғаныс өнеркәсібі саласындағы бірлескен бастамаларды сөз етіп, жаңа келісімдер мен Нидерланд тарапымен алдағы кездесуді жоспарлады.