Зеленский Украинаның бұрынғы президентіне қатысты заңға қол қойды
Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) шешімімен Петр Порошенкоға қарсы жеке арнайы экономикалық және басқа да шектеу шараларын қолдану және өзгерістер енгізу туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Украина президентінің ресми сайты мәлімдейді.
Порошенконың қасына тізімге кәсіпкерлер Игорь Коломойский, Геннадий Боголюбов, Константин Жеваго және бұрынғы депутат Виктор Медведчук та енгізілген. Санкциялар өмір бойына енгізілген және барлық активтерді блоктауды қарастырады.
Жергілікті БАҚ-тың жазуы бойынша, Порошенкоға қарсы санкциялар елдегі саяси, медиа және экономикалық ықпалын минимизациялау мақсатында, сонымен қатар соғыстың аяқталуы мен кейінгі сайлауларды ескере отырып енгізілген.
Ал Коломойский, Боголюбов және Жевагоға қарсы санкциялар олардың АҚШ-пен пайдалы қазбаларды игеру бойынша келісім жасау алдында темір мен марганец кен орындарын тәркілеу мақсатында қолданылуда.
Петр Порошенко өзі бұл шешімнің "оған жаңалық емес" екенін мәлімдеді.
Ол ҰҚҚК-ның санкцияларын "конституцияға қарсы және саяси мақсаттағы шешім" деп бағалады.