17 Ақпан 2026, 03:40
Фото: Louiza Vradi / Reuters
Зеленский: Украина делегациясы Женевадағы келіссөздерге дайын
Украина делегациясын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров басқарады.
Владимир Зеленский Украина делегациясы Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөздердің кезекті кезеңіне қатысу үшін Женеваға келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Біздің делегация қазірдің өзінде Женевада, келіссөздерге дайындалуда», - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Украина делегациясын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров басқарады. Оның айтуынша, Киев келіссөздер аясында қауіпсіздік және гуманитарлық мәселелер бойынша мазмұнды кездесулер өткізуді, сондай-ақ тұрақты әрі лайықты бейбітшілікке қол жеткізуді көздеп отыр.
17-18 ақпанда Женевада өтетін үшінші раундқа АҚШ, Ресей және Украина делегациялары қатысады. Ресей тарапын Владимир Мединский басқарады.
Бұған дейін келіссөздер барысында энергетикалық бітімгершілік мәселесі талқыланатыны хабарланған болатын.