Бүгiн 2026, 15:46 Фото: Telegram/Zelenskiy

Зеленский Трамппен не жайлы сөйлескенін айтты

Ол Женевада өтетін екіжақты кездесуден үлкен үміт күтетінін жасырмады.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесудің қорытындысы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жайында Украина көшбасшысы өзінің Telegram-арнасында жазды.

Зеленскийдің айтуынша, 25 ақпанда өткен 30 минуттық әңгіме барысында президенттер украин және америкалық делегациялар Женевада өтетін кездесуде талқылайтын мәселелерді қарастырған. 

Біз ертең Женевада екіжақты кездесуде өкілдеріміз талқылайтын мәселелерді, сондай-ақ наурыз айының басында толық құрамда өтетін келіссөз топтарының келесі кездесуіне дайындықты талқыладық. Ол кездесу үшжақты форматта өтеді. Бұл келіссөздерді көшбасшылар деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Президент Трамп мұндай іс-қимыл ретімен келіседі, – деді Зеленский.

Осылайша, АҚШ, Ресей және Украина арасындағы үшжақты кездесу алдын ала наурыз айының басына жоспарланған, алайда нақты қай жерде өтетіні әзірге жарияланған жоқ. Сондай-ақ Зеленский телефон арқылы сөйлесуге АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер де қатысқанын айтты.