Зеленский Трамппен кездесуге дайындалып жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездесуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Дүйсенбі күні Президент Трамппен кездесуге дайындалып жатырмыз. Шақыруы үшін ризашылығымды білдіремін. Барлығы келісіп отырғаны маңызды — барлық мәселелерді анықтап, қажетті әрі тиімді қадамдарды белгілеу үшін әңгіме дәл мемлекет басшылары деңгейінде өтуі тиіс, – деп жазды Владимир Зеленский.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен ұзақ телефон арқылы сөйлесіп, кездесу туралы келісімге келген болатын.
Еске салсақ, Украина мен АҚШ басшыларының кездесуі 18 тамыз, дүйсенбіге жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар ЖИ көмегімен адамның ойын оқуды үйренді
Өзгелердің жаңалығы