Зеленский Трамппен екінші рет кездесетін болды
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі келесі аптада өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Зеленский X желісінде жазды.
Украина мен АҚШ командалары жұмысын қайта жалғастырды және біз келесі аптада мазмұнды кездесу өтеді деп үміттенеміз, – дейді ол.
Сонымен қатар Зеленский Еуропаға қолдауы үшін алғысын білдірді.
Украиналықтар мұны әлемдік саясаттағы осындай эмоциялық шиеленісті кезеңде шынымен бағалайды. Еуропалық бірліктің сақталуы маңызды, және Еуропа шынымен дұрыс әрекет етуге тырысыып жатыр, – деді Украина президенті.
Кездесу Сауд Арабиясында өтеді.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Вашингтондағы баспасөз конференциясында АҚШ пен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер 11 наурыз, бейсенбі күні Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді. Ол кездесуде “бейбіт келісімнің” шарттары мен атысты тоқтату мүмкіндігі талқыланатынын айтты.