Зеленский тағы бір кездесуге аттанды

Ақ үйдегі сәтсіз кездесуден кейін Владимир Зеленский Ұлыбританияға аттанды. Украина президенті мінген ұшақ Лондонның Станстед әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Екі ел басшылары арасындағы ұрыс-керістен соң британ премьер-министрі Кир Стармер АҚШ президенті Трамппен және Украина көшбасшысы Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Ертең, 2 наурызда Лондонда Еуропа елдерінің көшбасшылары Зеленскиймен кездеседі. 

Бұл жиында Еуропа Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдігін бере алатыны туралы мәселе талқыланады.

Еске салайық, Владимир Зеленский 28 ақпанда Дональд Трамппен кездесу барысында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен, кейін Трамптың өзімен сөзге келіп, Ақ үйден мерзімінен бұрын кетіп қалған. Екі тарап пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қоя алмады.

Еуропа елдерінің көшбасшылары Зеленскийге бірден қолдау білдіріп, Украинаға көмекті жалғастыратынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Emilija Jefremova / Reuters
Өзгелердің жаңалығы