Зеленский Ресеймен келіссөздердегі Украинаның "қызыл сызықтарын" атап өтті

Мәскеумен алдағы уақытта соғысты тоқтату туралы келіссөздер кезінде Киев басып алынған аумақтарды ресейлік деп танымайды және армияны қысқартуға келіспейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы РБК-Украинаның хабарлауынша, Чернигов облысының аумақтық қоғамдастықтарының басшыларымен кездесу барысында президент Владимир Зеленский мәлімдеді.

Біз үшін басымдық – күшті армиямыз. Сондықтан армиямызды бірнеше есеге қысқарту - бұл "қызыл сызық". Шынымды айтсам, армияны бүгінгідей санда қалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Соғыстың басындағыдан үш есе көп үлкен армия. Бұл біздің қауіпсіздіктің ең маңызды кепілі - қуатты модернизацияланған армия, Еуропадағы ең ірі армия, – деді ол.

Украина басшысы сондай-ақ ел үшін тағы бір «қызыл сызық» Ресейдің уақытша басып алған аумақтарды мойындамауы екенін баса айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы