Зеленский: Ресей тағы бір аптамызды ұрлады

Украина президенті Владимир Зеленский майдандағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Украина басшысының айтуынша, елдің қарулы күштері барлық негізгі бағыттарда қорғаныс операцияларын жалғастыруда.

Бас қолбасшы бүгін ұрыс алаңындағы жағдай туралы есеп берді. Қорғаныс шайқастары майданның барлық дерлік шебінде жүріп жатыр. Қақтығыстар Харьков облысынан бастап Купянск секторына және оңтүстік бағыттарға дейін болып жатыр, – деп жазды Зеленский.

Украина президенті соңғы уақытта жүргізілген дипломатиялық келіссөздерге тоқталды. Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен келіссөздер мен АҚШ-тың майданда атысты тоқтату туралы ұсынысына қарамастан, Ресей соғысты жалғастыруға мүдделі екенін көрсетті.

Ресей тағы бір аптаны ұрлады – бұл соғысты тек Ресей ғана қалайды. Біз дипломатияны күшейту үшін бар күшімізді саламыз. Біз оның тиімді болуы үшін жұмыс істейміз, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы