25 Тамыз 2026, 17:55 Фото: Ақорда

Зеленский Қазақстан Президентіне алғыс айтты

Зеленский Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Украина Президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен жолдаған жылы лебіздері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ

«Украина өзара сыйластыққа, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы ежелгі байланыстарға негізделген Қазақстанмен достастық қатынастарын жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға бекембіз», – деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ ол Тоқаев пен Қазақстан халқына табыс, бейбітшілік, өркендеу және амандық тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын