Зеленский Путинмен кездеспес бұрын Байденмен сөйлескісі келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесуден бұрын АҚШ Президенті Джо Байденмен Женевада сөйлескісі келеді.
Украина мен Америка тараптары Президенттер Джо Байден мен Владимир Зеленскийді телефон арқылы сөйлестіруге әрекет етіп жатыр.Бұл Владимир Путинмен кездесетін АҚШ пен Ресей лидерлерінің Женевадағы саммиті қарсаңында болады,- деп хабарлады украиналық Mirror Nedeli басылымы.
Еске салайық, Байден АҚШ Президенттігіне сайланғаннан кейінгі алғашқы АҚШ-Ресей саммиті 16 маусымда Женевада өтеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, саммит АҚШ-пен Ресеймен қарым-қатынасында «болжамдылық пен тұрақтылықты қалпына келтіруге» ұмтылған кезде «барлық маңызды мәселелерді» қарастырады.
Бұған дейін Джо Байден Путинмен мамыр айының басында болған американдық Colonial Pipeline компаниясына жасалған Ресейдің хакерлік шабуылын талқылауға ниетті екенін айтқан еді. Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік пен қару-жарақты бақылау мәселелерін көтеруі мүмкін екендігі де хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы