Зеленский Путинді Киевке шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский РФ көшбасшысы Владимир Путиннің Мәскеуге шақыртуына жауап ретінде оны Киевке кездесу өткізуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол ABC News тілшісі Марта Раддатцқа берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол Киевке келе алады. Егер адам соғыс кезінде кездесуден қашса, әрине, ол мен үшін немесе басқалар үшін қолайсыз ұсыныс айтады. Бұл түсінікті: елім күн сайын зымырандық соққыға ұшырап жатқанда, мен Мәскеуге бара алмаймын. Террористің астанасына баруым мүмкін емес, бұл айқын нәрсе, әрі ол мұны жақсы біледі. (…) Оның мұны істеп отырғаны кездесу уақытын созу үшін екені түсінікті, – деді Украина президенті.

Еске салайық, бұған дейін Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысы Владимир Зеленскийді Мәскеуге шақырған болатын. Сондай-ақ Дональд Трамптың Ресей, Қытай және КХДР арасындағы «астыртын келісім» туралы жазбасына пікір білдірді.

Егер Зеленский дайын болса, Мәскеуге келе берсін. Ондай кездесу өтеді, – деді Путин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы