Зеленский Путин жариялаған бітімге қолдау білдіретінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путин жариялаған бітімге Киевтің қолдау білдіретінін, алайда бұл үшін Мәскеу бітімді толық сақтауы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол 19 сәуір, сенбі күні өзінің Telegram арнасында жазды.

Зеленскийдің айтуынша, қақтығысты 30 күнге толық әрі сөзсіз тоқтату туралы ұсынысқа Ресей тарапынан 39 күн бойы жауап келмеген. Бұл бастаманы АҚШ көтерген, Украина оң бағалаған, алайда Ресей оны елемеген.

Егер Ресей кенеттен шынымен де толық және сөзсіз бітім форматына қосылуға дайын болса, Украина да дәл сондай жауап береді. Тыңшылыққа – тыңшылық, шабуылға – қорғану арқылы жауап қайтарылады, – деді Зеленский.

Ол сондай-ақ, егер бітім шынымен орын алса, онда оны 20 сәуірдегі Пасха мейрамынан кейін де жалғастыруды ұсынатынын айтты.

Бұл Ресейдің шынайы ниетін көрсетудің ең әділ жолы болмақ. 30 сағат сенімді нығайтуға жеткіліксіз. Ал 30 күн бейбітшілікке үміт бере алады, – деді Украина президенті.

Сонымен қатар, Зеленский қазіргі уақытта майдан шебінің кейбір бөліктерінде Ресей шабуылдары мен артиллериялық атқылаулары жалғасып жатқанын жеткізді.

Сондықтан Мәскеудің сөзіне сенім жоқ. Біз Ресейдің қалай әрекет ететінін жақсы білеміз және барлық жағдайға дайынбыз. Украина Қарулы күштері парасатты әрекет етеді және қарсы тараптың қадамына сай жауап береді. Әрбір ресейлік соққыға лайықты жауап беріледі, – деді ол.

Сөз соңында Зеленский кешке қарай Бас қолбасшы Александр Сырскийден майдан шебіндегі бригадалар мен бөлімшелер командирлерімен кездесуден кейінгі егжей-тегжейлі есепті күтіп отырғанын қосты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: depositphotos.com
Өзгелердің жаңалығы