Зеленский Президентпен кездесуден кейін Қазақстанға алғыс айтты

Украина басшысы Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Қазақстанға алғысын жеткізді. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, әңгіме барысында басты назар қауіпсіздіктің сенімді кепілдіктерімен әділ әрі берік бейбітшілікке қол жеткізу мәселесіне аударылды.

Біз Украинаның, АҚШ-тың, Еуропаның және әлемнің басқа серіктестерінің соғысты тоқтату және қантөгісті доғару жөніндегі күш-жігерін егжей-тегжейлі талқыладық. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық пен қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіруге қатысуға қызығушылығына тоқталдық, – делінген мәлімдемеде.

Украина президенті Қазақстанға елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы