+10

Зеленский неден күдіктенетінін айтты

Зеленский неден күдіктенетінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен шиеленістің ушығуынан күдіктенетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі CBS-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, егер Киев одақтастарының қолдауымен Мәскеудің әрі қарай әскери шабуылдауына қарсы тұрмаса, жағдай қиындай түседі.

Украиналық көшбасшы өзінің туған қаласы – Кривой Рогта болған зымыран соққыларынан кейін сұхбат берді.

Ол жағдайды бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр деп бағалады.

Егер біз қасқайып қарсы тұрмасақ, ол (Ресей президенті Владимир Путин – ред.) әрі қарай барады. Бұл тек менің ойым ғана емес, расымен төніп тұрған қауіп. Әрине, Путиннің мақсаты – Ресей империясын қайта құру және НАТО қорғауындағы аумақтарды қайтарып алу. Мұның бәрін ескере отырып, мен бұл дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкіндігінен қауіптенемін, - деді Зеленский.

Сонымен қатар украиналық президент еш жерде бірде-бір қауіпсіз жердің қалмағанын айтты.

Бұл Ресейге сенімнің жоқтығын білдіреді. Біз Ресеймен келіссөздерге де сене алмаймыз, - деп ағынан жарылды Украина көшбасшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы