Зеленский мен Трамп Ресеймен соғысты аяқтау жоспарын талқылайды

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні Флоридада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Ресеймен соғысты тоқтату жолдарын талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Кездесу АҚШ-тың делдалдығымен әзірленіп жатқан 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары мен қауіпсіздік кепілдіктеріне арналмақ.

Зеленскийдің айтуынша, жоспардың 90 пайызы келісілген, ал негізгі талқыланатын мәселелер – аумақтық түйткілдер, демилитаризацияланған аймақ құру және Запорожье атом электр станциясының болашағы. Украина Донбасста екі тарап та әскер шығаруы тиіс демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынып отыр.

Кремль Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер жалғасып жатқанын растады, алайда Мәскеу аумақтық ұсыныстарға қатысты нақты пікір білдірген жоқ. Ресей Донбассты толық бақылауға алуды талап етіп отыр.

Сонымен қатар, келіссөздер аясында АҚШ пен Еуропаның Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруі және украин армиясының қазіргі құрамын сақтау мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте соғыс қимылдары тоқтаған жоқ: Харьков пен басқа да өңірлерде әуе шабуылдары салдарынан қаза тапқандар бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы