+5

Зеленский Харьковте әскери кеңес өткізді

Зеленский Харьковте әскери кеңес өткізді

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні Донецк облысына сапармен барып, жауынгерлермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент кеңсесі сапар барысында түсірілген видеоны жариялады. Зеленский Покровск тактикалық тобының командалық пунктінде болып, әскери басшылардың есептерін тыңдады. Ол бірқатар жауынгерлерді ордендермен марапаттап, майданда қаза тапқан азаматтарға арналған мемориалға барып, құрмет білдірді.

Бұдан кейін Зеленский Харьковқа аттанып, әскери кабинет кеңесін өткізді. Онда майдандағы қазіргі жағдай, Запорожье, Донецк, Харьков және Сумы–Курск облыстарындағы операциялардың барысы кеңінен талқыланды. 

Бүгін Украина мен АҚШ арасында келіссөз өтті, енді АҚШ делегациясы Ресеймен кездеседі деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official
Өзгелердің жаңалығы