Бүгiн 2026, 08:11 Фото: Toby Melville/Pool/Reuters

Зеленский АҚШ-ты Ресейге қысымды күшейтуге шақырды

Ол осы арқылы соғысты ертерек аяқтауға мүмкіндік туады деп санайды.

Украина президенті Владимир Зеленский егер Вашингтон соғысты жазға дейін аяқтағысы келсе, Ресейге қысымды арттыруы тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу АҚШ делдалдығымен өтуі мүмкін бейбіт келіссөздердің келесі кезеңіне қатысу-қатыспау мәселесін әлі шешпеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, АҚШ Майамиде үшжақты кездесу өткізуді ұсынған. Бұған дейін келіссөздердің екі раунды Абу-Дабиде өткен. Ақ үй келесі кезеңнің нақты күні туралы түсініктеме бермеді.

Зеленский сондай-ақ 24 ақпанда президенттік сайлау мен бейбіт келісім бойынша референдум өткізу жоспарланып отыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, Украина сайлауды тек қауіпсіздік кепілдіктерін алғаннан кейін ғана ұйымдастыра алады.

Киев атысты тоқтату режимі бүкіл сайлау науқаны кезінде сақталуы тиіс деп санайды. Ал Ресей Донбасс аумағын толық бақылауға алуды талап етуде, бұл Украина үшін қабылданбайтын шарт болып отыр.