4 Қазан 2026, 23:55 Фото: REUTERS / Thomas Peter

Зеленский: АҚШ Ресей және Украинамен жаңа келіссөз өткізуге ниетті

Алғашқы кезеңде сарапшылар деңгейіндегі кездесу өткізу жоспарланып отыр.

АҚШ қазан айының соңына дейін Ресей мен Украина қатысатын жаңа үшжақты келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон Киевпен және Мәскеумен байланыста және соғысты аяқтау мәселесі бойынша жаңа кездесуді өткізуге ниетті.

Зеленский сенбі күні АҚШ өкілдерімен келіссөздерге дайындық мәселесін талқылағанын айтып, Украинаның кездесуге қатысуға дайын екенін растады.

Алғашқы кезеңде сарапшылар деңгейіндегі кездесу өткізу жоспарланып отыр. Келіссөздердің нақты орны әзірге белгісіз. Киев кездесуді Біріккен Араб Әмірліктерінде немесе АҚШ ұсынған басқа елде өткізуге дайын.