Кеше 2026, 22:53
Фото: REUTERS / Octav Ganea
Зеленский АҚШ-пен Украинаның қауіпсіздігін нығайту туралы келісімге келгенін мәлімдеді
Сөйлесуге сондай-ақ сенатор Линдси Грэм және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте қатысқан.
Украина президенті Владимир Зеленский видеобайланыс арқылы АҚШ президентінің өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен сөйлескен кезде Украина үшін «қауіпсіздікті қамтамасыз ету кепілдіктерін күшейту» туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Біз қауіпсіздік кепілдіктерін күшейтуге келістік. Барлығы өзекті болуы тиіс. Әлемде қандай өзгерістер болып жатқанын көріп отырмыз. Бір сәтте қаншалықты көп нәрсе өзгеруі мүмкін екенін байқаймыз. Бұл альянстарға да, қауіпсіздікке қатысты шақыруларға да қатысты. Мен командалардың жақын арада нақты жұмыс істеп, прогресті сезінуімізге мүмкіндік беретініне сенемін, – деді Зеленский өз Telegram-каналында.
Сөйлесуге сондай-ақ сенатор Линдси Грэм және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте қатысқанын атап өтті.