Зеленский АҚШ-пен өткен келіссөзден кейін пікір білдірді

Украина Президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясында АҚШ-пен өткен келіссөзден кейін пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Зеленский Telegram арнасында жазды.
Украина басшысының айтуынша, ол қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен сөйлескен, ол кездесу мен келіссөздер барысы туралы баяндаған.
Біздің командамыз толығымен конструктивті жұмыс істеп жатыр, әңгіме өте пайдалы өтті, – деп атап өтті Зеленский.
Ол делегациялардың жұмысы жалғасып жатқанын қосты.
Бірақ біз қазір серіктестерімізбен не туралы сөйлессек те", Ресей президенті Владимир Путин "шабуылдарды тоқтатуға нақты бұйрық беруі керек, – деді Украина басшысы.
Оның айтуынша, келіссөздерге Украина әскери қызметкерлері, дипломаттары және Энергетика министрлігінің өкілдері қатысқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы