Зеленский: АҚШ әскерлерін Украинаға орналастыру мәселесі талқылануда

Киев билігі АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинада американдық әскерлерді орналастыру мәселесін талқылауда. Мұндай мәлімдемені Украина президенті Владимир Зеленский жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл АҚШ әскерлері, сондықтан шешімді Америка қабылдайды. Әрине, біз мұны президент Трамппен және «ниет білдірушілер коалициясының» өкілдерімен талқылаймыз. Біз мұны қалаймыз. Мұндай шешім қауіпсіздік кепілдіктерінде күшті позиция болар еді, - деді Зеленский WhatsApp-тағы кеңсесінің чатында журналистердің сұрағына жауап беру барысында.

Ол бұл мәлімдемені Польша премьер-министрі Дональд Тусканың АҚШ-тың әскерлерін Украинаға орналастыруға дайын екендігі туралы сөздеріне қатысты түсіндіріп өтті.

Батыс елдерінің әскери қызметшілерін Украинаға орналастыру тақырыбы алғаш рет 18 тамызда Вашингтонда Зеленский мен Трамп кездескеннен кейін қайтадан белсенді көтерілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы