Зеленский: Аляска саммитінің шешімдерін мойындамаймыз

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен АҚШ-тың Аляскадағы саммитінің оның қатысуынсыз қабылданған кез келген шешімін мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол "Жастар осында" форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Украина туралы Украинасыз айту мүмкін емес. Мұны ешкім қабылдамайды. Сондықтан олардың екіжақты форматы өздері үшін маңызды болуы мүмкін, бірақ бізсіз Украинаға қатысты ешқандай шешім қабылдана алмайды. АҚШ президенті мұны түсінеді және ескереді деп үміттенемін, - деді Зеленский.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Аляскада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін хабарлаған. Бұл жоспарды Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та растады. Оның айтуынша, тараптар Украинадағы дағдарысты ұзақ мерзімді бейбіт жолмен шешу мәселесіне баса назар аударады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Thomas Peter/Reuters
Өзгелердің жаңалығы