10 Қараша 2026, 05:18 Фото: REUTERS / Lisi Niesner

Зеленский Абу-Дабидегі келіссөздер алдында ЕО-мен ортақ ұстанымды келісті

Зеленскийдің мәлімдеуінше, Брюссельде өткен кездесулер барысында Украинаны қалпына келтіру жоспары мен қауіпсіздік кепілдіктері мәселелері қаралған.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің жаңа кезеңі қарсаңында Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен ортақ ұстанымдарды талқылады, деп хабарлайды DW порталы.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, Брюссельде өткен кездесулер барысында Украинаны қалпына келтіру жоспары мен қауіпсіздік кепілдіктері мәселелері қаралған. Сондай-ақ тараптар Абу-Дабиде өтетін келіссөздерге қатысты ұстанымдарын үйлестірген.

Украина, Ресей және АҚШ делегацияларының қатысуымен үшжақты келіссөздер 10-11 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өтеді деп жоспарланған. АҚШ атынан арнайы өкіл Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысады. Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина делегациясын Рүстем Умеров бастап барады.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары соғысты тоқтату, соғыстан кейінгі қауіпсіздік кепілдіктері, Украинаның экономикалық қалпына келуі және гуманитарлық мәселелерді қамтиды.

Еуропалық одақ өкілдері де Абу-Дабиге барады. Алайда олардың үшжақты келіссөздерге тікелей қатысуы әзірге қарастырылмаған. Еуропалық тараптар өз ұстанымдарын серіктестерімен жеке форматта үйлестірмек.