Зеленский 24 ақпанда сайлау жариялайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Украина Президенті Владимир Зеленский Financial Times басылымында шыққан 24 ақпанда президенттік сайлау мен бейбіт келісім бойынша референдум өткізілетіні туралы хабарламаларды жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Зеленскийдің сөзінше, сайлау тек қауіпсіздік кепілдіктері болған жағдайда ғана талқылануы мүмкін. Ол 24 ақпанның Украина үшін ерекше күн екенін атап өтті.
Төрт жылдық соғыс. Бұл күн біздің мемлекетті қорғаған адамдар үшін өте маңызды. Сондықтан 24 ақпанда сайлау жариялау ақылға қонымсыз, – деді Зеленский.
Сонымен бірге, Украина мен АҚШ арасындағы келіссөздерде сайлау мен қауіпсіздік кепілдіктері ешқандай байланысты емес екені айтылды. Референдум өткізудің де басты шарты – атысты тоқтату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Financial Times бұған дейін аты аталмаған дереккөздерге сүйеніп, АҚШ қысымы аясында Зеленский 24 ақпанда сайлау жариялауы мүмкін деп хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында ер адам танысына оқ атқан
Өзгелердің жаңалығы