Өзбекстаннан Мақтааралға көмек жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мақтаарал ауданына арнайы техника және мамандарымен Өзбекстаннан арнайы топ келді, деп хабардады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Олардың қатарында, 100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман келген. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаватрлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар бар.Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізбек.
Сондай-ақ су астында қалып, зақымданған тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдары келетінін жеткізді.
Бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дін қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білу міндеттелді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы