Өзбекстаннан Мақтааралға көмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мақтаарал ауданына арнайы техника және мамандарымен Өзбекстаннан арнайы топ келді. Олардың қатарында,100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман келген, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаватрлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар бар.
Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, су астында қалып, зақымданған тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдары келетінін жеткізді, - делінген ақпаратта.
Бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіс-75. Ақмолалық жауынгерлерге арналған кітап жарық көрді
Өзгелердің жаңалығы