Өзбекстанда су басқан аумақтан 20 адам құтқарылды

Алматы, BAQ.KZ. Өзбек құтқарушылары Сырдария облысындағы су қоймасы жарылған аумақтан үй төбесіне және тал басына шығып жан сақтаған 20 адамды құтқарды. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар су басқан аймақты қарау кезінде үй төбесі мен талдың басына және басқа да биік нысандарға шығып үлгерген адамдарды көрген. Әзірге құрбан болғандар туралы мәлімет болған жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жұма күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, сол маңдағы елдімекендерді су басқан. 56 адам ауруханаға жатқызылып, 70 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

Тасқын су сондай-ақ, көршілес жатқан Қазақстанның Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше ауылды басып қалды. Қазір ол жерде де төтенше жағдай жарияланып, адамдар эвакуациялануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы