Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16 мыңға жуықтады

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

18 шілде сағат 10.00-гі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 15 896 адамды құрайды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 9 мыңнан аса науқас ем қабылдаған соң жазылып шыққаны да айтылады. 

Жақында Өзбекстан билігі шілде айынан бастап демалыс күндері адамдардың оқшаулану режимін қайта енгізіп, автокөлік қозғалысына шектеу жасаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы