Өзбекстан президенті ЕАЭО-ға кірмейтіндерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Өлий Мәжілісі сенатының бірінші отырысында  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы пікір білдірді. Бұл туралы vkratce.uz хабарлады.

Біздің көптеген азаматтар шетелде жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақстан мен Ресей бар. Біз бұл жағдайға бей-жай қарай алмаймыз.  Мен бір нәрсені айтқым келеді.  Ешкім ешқашан ешкімге тәуелсіздігін бермейді.  Тәуелсіздік - халық сенетін президенттің қолында.  Сондықтан бұл одақтың мүшесі бола алмаймыз, - дейді Шавкат Мирзиёев.

Ол бақылаушы болу - мүшелікке жатпайды. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ деп отыр.  
Бақылаушы ретінде бұл ұйымның жақсы және қауіпті тұстарын бақылай аламыз.  Владимир Путинмен Санкт-Петербургте көп келіссөз жүргіздік.  Біз тек ұлттық мүдделерді ескере отырып қадамдар жасаймыз, - деп түйіндеді президент.
 
Айта кетейік, ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы