Өзбекстан БАӘ азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстан осы жылдың 20 наурызынан бастап, Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді енгізеді. Мұндай жарлыққа ел президенті Шавхат Мирзиеев қол қойды, деп жазды УзА ақпарат агенттігі.

БАӘ азаматтары үшін бір жылға дейінгі бірнеше мәртелі визаны 3 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, заңды тұлғаның Өзбекстан СІМ-не міндетті түрде шақыртылуы да алынып тасталған.

1 ақпандағы жағдай бойынша Өзбекстан 45 елге визасыз режим енгізген. Өткен жылдың ақпан айынан бері бұл елге 30 күндік визасыз режиммен кіруге Израиль, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Түркия және Жапония азаматтары рұқсат алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кадрлық ауыс-түйістер
Өзгелердің жаңалығы