Зайытов жұмбақ өлімге қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Qazaq Airan-ға сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тергеу материалдарымен толық таныс емес екенін, алайда алғашқы тексеру актісін оқығанын айтады.
Қолымдағы құжатта “асылған адамның екі қолы байлаулы” деп анық жазылған. Бірақ бұл мәселені журналистер неге терең зерттемейді, неге шу көтермейді? Себебі бұл жағдайдан ешкім саяси астар іздеп жатқан жоқ, – дейді Зайытов.
Еске салайық, бұған дейін BAQ.KZ тілшісі Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовпен сұхбаттасқан болатын. Онда депутат көп нәрсеге көңілі толмайтынын ашық айтты.
Зайытов TikTok желісіндегі моральдық құндылықтардың құлдырауына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, кейбір платформаларда ата-ананы балағаттау, әдепсіз контент тарату әдетке айналып барады.
Егер осындай платформалар жастарға теріс тәрбие берсе, олар бізге керек пе?" – деді депутат.
Ол жастардың санасын улайтын мазмұнға шектеу қою қажет екенін атап өтті.