Зайытов Петропавл мен Павлодар атауын өзгертуді қандай жағдайда қолдайтынын айтты

Солтүстік өңірдегі екі облыс атауын өзгертуді халық қолдаса, менде қолдаймын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз 20 жылдан бері Петропавл және Павлодар қалаларының атауы жөнінде өз ойымызды айтып жүрміз. Еліміздің заңнамасында жергілікті халық пен мәслихаттың талабы қажет дейді. Мен екі қолыммен қолдаймын, егер жергілікті халық осы бастаманы көтеретін болса,тиісті қол жинаса барынша қолдаймын - деді Ринат Зайытов Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутат Ерлан Сайыров Петропавл және Павлодар қалаларына қатысты ойын айтқан болатын.

Оның айтуынша, азаматтар өз еріктерімен солай (Қызылжар – ред.) деп атай берулеріне болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінен
Өзгелердің жаңалығы