Зайсандағы екі мектептің шатырын дауыл жұлып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында қатты жел тұрды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Күшті жел бірнеше ғимараттың, М.Әуезов атындағы мектеп, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты және бір тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, желдің екпіні секундына 28 метрді құраған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы