Зайсанда инспекторлар батпаққа батып қалған жаңа туған құлынды құтқарды
Жаңа туған құлын иесіне аман-есен қайтарылды.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында «Охотзоопром» мемлекеттік инспекторлары батпаққа батып қалған жаңа туған құлынды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға аудан аумағында кезекті қызметтік рейд кезінде болған. Инспекторлар батпақ арасында қозғала алмай жатқан жануарды байқап, жақындап барған кезде оның жаңа туған құлын екенін анықтаған. Жедел әрекет еткен мамандар құлынды батпақтан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген. Уақытылы көрсетілген көмектің арқасында жануар аман қалған.
ШҚО аймақтық Зайсан тірек бөлімінің жетекшісі Әсет Сауырбаевтың айтуынша, құлын кездейсоқ табылған.
Батпақта туған жаңа туған құлынды тауып алдық. Жануарға обал болмасын деп құтқарып, батпақтан алып шықтық. Құлынның иесін таба алмай жүрміз, – деп хабарландыру жариялаған.
Көп ұзамай құлынның иесі де табылып, жануар аман-есен өз иесіне қайтарылды. Иесі инспекторларға алғыс айтып, дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында төлінің аман қалғанын жеткізді.
Мамандардың айтуынша, көктемгі төлдеу кезеңінде мұндай жағдайлар сирек емес. Сондықтан табиғат аясында жүрген азаматтарға сақ болу және осындай жағдайларды байқаса, тиісті қызметтерге хабарлау маңызды.
- Астанада 1 млн теңге жүлде қоры бар Counter-Strike 2 турнирі өтіп жатыр 07:12
- ШҚО-да робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты 06:35
- Франциядағы Монблан тауында тас құлап, чехиялық альпинист қаза тапты 05:18
- АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп 04:27
- Зардап шеккендер бар: Астана – Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысты 03:40
- Жаңбыр, тұман, қатты жел: Ел аумағында ескерту жарияланды 02:34
- Индонезиядағы паром апаты: 6 адам қаза тауып, 130 адам іздестіріліп жатыр 01:29