23 Тамыз 2026, 14:02
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары пайдалануға беріледі
Жыл соңына дейін Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары пайдалануға беріледі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев айтты.
Сондай-ақ ол құрылыс саласындағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға өскенін атап өтті.
«Энергетика саласына келсек, 172 жаңартылған энергия көздері жұмыс істейді. Биыл тағы 10 нысан солардың қатарына қосылады. Ал туризм саласында Алматы тау кластері, Almaty Superski жобалары бар. Сонымен қатар соңғы 3 жылда Алматы, Шымкент, Қызылорда қаласында жаңа әуежайлар іске қосылған еді. Биыл жыл соңына дейін Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары пайдалануға беріледі», – деді Қанат Мыңбаев.