9 Қыркүйек 2019, 12:37
Зайсан көлінде екі балықшы жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
6 қыркүйек күні көлге шыққан балықшылардың бірі – 41, екіншісі – 26 жаста. Жағалаудан бірнеше шақырым жерден балықшылардың бос қайығы ғана табылды. Құтқарушылар олар "суға батып кетуі мүмкін" деген болжам айтады. Өйткені 26 жастағы балықшы мүлдем жүзе алмайтыны белгілі болды.
"Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жақын елді мекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Зайсан көлінің үстін және маңайын тікұшақпен де шолып жүр. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - делінген таратылған ақпаратта.
- 11 қарашаға валюта бағамы 05:54
- Англияда мектепте смартфон пайдалануға қатысты ережелер қатаңдатылады 04:45
- Толассыз жауған жаңбыр Шымкентте әбігер туғызды: көшелерді су басып, жарық сөнді 03:30
- Балалар алаңында баланы ұрып-соққан: Қостанай облысында ер адам жазаланды 01:25
- Қазақстанның ақылы жолдарына 56 лазерлік құрылғы орнатылды 00:27
- Ертең бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ пен тұман болады 10.11.2026
- Алматыда жолаушыларға толы екі автобус соқтығысты 10.11.2026