Зайсан ауданының елді мекендері толық ауызсумен қамтылған
Бүгінде ауданның барлық 33 елді мекені ауызсумен 100% қамтылған
Зайсан ауданы тұрғындарымен кездесуде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде ауызсумен қамту жүйесін дамыту бағытында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықтың күнделікті тұрмыс сапасын жақсарту, оның ішінде ауылдық жерлерде ауызсумен қамтуды жүйелі дамыту – мемлекет пен халық арасындағы кері байланысты нығайтудың және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың негізгі бағыттарының бірі.
Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай халықты ауызсумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы Зайсан ауданында толық орындалғанын атап өтті.
Бүгінде ауданның барлық 33 елді мекені ауызсумен 100% қамтылған. Бұл – кешенді әрі бірлескен жұмыстың нәтижесі. Алайда тек суға қол жеткізу ғана емес, оның сенімді жеткізілуі де аса маңызды, – деді ШҚО әкімі.
2023 жылы ауданда тоғыз су нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар Жалшы, Жамбыл, Қайнар-2, Қаратал, Сарытерек, Кеңсай ауылдарындағы су құбырлары желілерін, Жарсу ауылындағы насос станциясын, Ақарал ауылындағы жаңа құдықтарды және Аққойын ауылындағы биомодульдік станцияны қамтыды.
Бұл – күрделі жөндеу емес, бірақ өмірлік маңызы бар жұмыстар. Ауызсу – ауылдық жердегі әр отбасының күнделікті жайлылығының негізгі шарты. Сондықтан бұл бағыт – біздің жұмысымыздағы басты басымдықтардың бірі, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
2026 жылы тағы алты су және кәріз нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Зайсан қаласындағы су және кәріз желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ Көгедай, Шүршүтсу, Сарыжыра, Дайыр және Қарабұлақ ауылдарындағы желілерді жаңарту жоспарланып отыр.
ШҚО әкімінің айтуынша, мұндай жобаларға ерекше назар аудару – су жүйелерінің тұрақты күтім мен жаңартуды қажет ететіндігіне байланысты. Өйткені уақыт өте келе инженерлік инфрақұрылым тозып, жарамсыз күйге түседі.
- ШҚО-да робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты 06:35
- Франциядағы Монблан тауында тас құлап, чехиялық альпинист қаза тапты 05:18
- АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп 04:27
- Зардап шеккендер бар: Астана – Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысты 03:40
- Жаңбыр, тұман, қатты жел: Ел аумағында ескерту жарияланды 02:34
- Индонезиядағы паром апаты: 6 адам қаза тауып, 130 адам іздестіріліп жатыр 01:29
- АҚШ тауарларына бойкот: Канада дүкендері жаңа жеткізушілер іздеп жатыр 00:30