Зауытта жарылыс болып, үш адам қаза тапты
Башқұртстанның Стерлитамак қаласында орналасқан «Авангард» қорғаныс кәсіпорнында жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтың премьер-министрі Андрей Назаровтың мәліметінше, тағы тоғыз адам жарақат алған, олардың бесеуі ауруханада жатыр.
Барлығы тоғыз адам ауруханаға түсті, олардың төртеуі қазір үйіне жіберілді. Тағы бесеуі таңертеңгі жағдай бойынша ем қабылдауды жалғастырып жатыр, – деді Назаров.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Таза Қазақстан": Ақтөбеде алғаш рет тораңғы ағашы отырғызылды
Өзгелердің жаңалығы