Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай шешуші кезеңде Самира Итониевамен (Ресей) айқас өткізіп, 4:1 есебімен басым түсті.
Заринаның финалға дейінгі жолы:
1/4 финал. Френцис Таафаки (Тувалу) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
1/2 финал. Мирей Догру (Түркия) - 5:0
Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.