Зарина Райфова пара дзюдодан қола жүлдені жеңіп алды

Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

Париждегі Паралимпия ойындарына қатысып жатқан спортшылар отандастарымызды күн сайын жүлделі орындармен және тамаша нәтижелермен қуантуда. Бүгін парадзюдо құрамасы тағы да кәсіби дайындығын көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Отандасымызды үшінші орын алуымен шын жүректен құттықтай отырып, спорт бәсекелерінде жеңістері мен табысы көп болсын тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы