15 Мамыр 2025 2025, 12:14 Фото: olympic.kz

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 сериялы халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 сериялы халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Турнирдің 6-нөмірлі қатысушысы ретінде тіркелген Зарина алғашқы кездесуінде жергілікті спортшы, рейтингте 959-орында тұрған Киса Ёсиокадан басым түсті. Матч 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.

Ойын бір сағаттан сәл астам уақытқа созылып, екінші сетте Зарина қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермеді – бірде-бір гейм ұтқызған жоқ. Енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін рейтингте 875-орында тұрған тағы бір жапондық спортшы – Лиза-Мария Риумен кортқа шығады.

Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайтын бұл турнир 18 мамырда мәресіне жетеді.