Зарина Дияс Жапониядағы турнирде чемпион атанды

Әлемнің 318-ракеткасы қазақстандық Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші финалда чемпиондық атақты әлемнің 288-ракеткасы жапониялық Аяно Шимицумен сарапқа салды.

Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина таразы басын аудара білді - 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға кетті. Бірақ Зарина қарқынын арттырып, чемпиондық атақты тартып алды - 6:3.

Финалдық бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы