Зарина Дияс кейінгі екі жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Зарина Дияс кейінгі екі жыл, үш айдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Фукуокада ITF W 75 санаты бойынша өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингіде 388-ші орында тұрған Рутуя Бхосалені (Үндістан) 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Зарина кейінгі рет кортқа 2022 жылғы 18 қаңтарда шыққан.

Australian Open бірінші айналымында Зарина Дияс Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Осыдан кейін Зарина жарақатына байланысты үзіліс жасауға мәжбүр болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktf.kz
Өзгелердің жаңалығы