Зарина Дияс карьерасындағы оныншы титулын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгта өткен ITF сериясындағы турнирде жеңіске жетіп, 25 мың долларды қанжығасына байлады. Бұл туралы Vesti.kz порталы жазады.
Зарина Дияс турнирдің финалында қытайлық Чжу Линді 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Осылайша екі спортшының өзара кездесуі 3-1 болып, қазақстандық теннисші пайдасына шешілді.
Гонконгтағы турнирдің титулы – Заринаның карьерасындағы оныншы титул. Қазақстандық теннисшінің қоржынында ITF сериясындағы турнирлерден тоғыз және WTA International сериясынан бір жүлде бар.
Айта кетсек, кеше Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Зарина Дияс ширек финалда грузиялық Екатерина Горгодзені жеңді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы