Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің келесі айналымына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF W25 турнирінің екінші айналымында қытайлық теннисшіні жеңді.
Зарина Дияс қытайлық спортшы Вушуанг Чженгті 6:2, 6:0 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына шықты.Келесі айналымда грузиялық теннисші Екатерина Горгодземен бүгін – 3 қаңтарда ойнайды.
Қазақстандық спортшы Гонконгтың ITF W25 турниріндегі алғашқы қарсыласы украиналық Дарья Лопатецкаяны 1 қаңтар күні турнирдің бастапқы айналымында 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы